«Дін және дәстүр» семинары

/ / Жаңалықтар

Дін мен дәстүр сабақтастығы көптен бері қаузалып келе жатқан тақырып. Себебі, сананы тұрмыс билеген мына кезеңде, ғайыптан тайып, тура жолынан адасып кеткен жастар аз емес. Оның үстіне соңғы кездері қазақты түрлі деңгейде Исламнан алыстатуға тырысушы пікірлер пайда болды. Кейбірі теріс пиғылмен әдейі әрекет етсе, енді бірі білместікпен надандық дәуіріне тартады.

Жоғардағы жағдайларды ескере отырып, Халықаралық туризм және мейман достық университеті негізгі білім һәм тәрбиемен қоса, студенттердің діни сауаттылығын арттыруға үлкен көңіл боледі. Біздің мақсат қазірге дейін сақталып келе жатқан әдет-ғұрып, салт-сананың негізі мұсылманшылықта жатқандығын дәлелдеу.

Осы мақсатта, 10.03.2020 жылы «Фараб» кітапханасының жиналыс залында Құзыреттілік және мансап орталығы, «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасы мен Туризм және спорт факультетінің ұйымдастыруымен «Дін және дәстүр» тақырыбында семинар өтті. Семинар «Жалпы білім беру пәндері» кафедрасының аға оқытушы Айжамал Сұлтанбекқызы Азизбекованың модераторлығымен жүргізілді.

Жиынға Түркістан қаласы «Ынтымақ» мешітінің имамы – Қоңыртай Хамидулла Мустафаұлын, «Бекзат» мешітінің имамы – Аташев Ғалымжан Абдуллаұлын, «Ақ мешіт» мешітінің имамы – Таңжарықов Самат Ақәділұлын, Түркістан облыстық Дін мәселелерін зерттеу орталығының теолог маманы – Айбек Тағай, Жастар ресурстық орталығының директоры – Даниярбек Мақсатты белсене қатысты. Кездесу барысында, дін қызметкерлері жастардың түрлі сауалдарына жауап беріп, дін мен дәстүр сабақтастығы хақында келелі сөз қозғалды.
Сөз соңында модератор семинардың өз көздеген мақсатына қол жеткізендігі туралы айта кетіп, кездесуді түйіндеу үшін сахнаға Туризм және спорт факультетінің деканы Асан Досмұханбет Сейдімбекұлы мен Құзыреттілік орталығының басшысы Майя Заруовна Агадилова шақырылып, олар өз кезегінде семинар қонақтары мен қатысушыларына, семинарды ұйымдастырушыларына алғыстарын білдірді. Естелік фотоға түсіп, қонақтарға университет атынан естелік кәдесыйлар табысталды.

 

You must be logged in to post a comment.