“Білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар” тақырыбындағы семинар

/ / Без рубрики

Семинарға қатысушылар жеке кеңес алып, ақпараттық саладағы соңғы инновациялармен танысты.
20-21 қаңтарда Құзыреттілік және мансап орталығы “Білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар” тақырыбында семинар ұйымдастырды. Іс-шараға “Халықаралық туризм және меймандостық университеті” КЕАҚ оқытушы – профессорлар құрамы қатысты.

IT инновациялар бойынша сарапшы Абдрахманов Рустам тыңдаушыларға күнделікті жұмыста бағдарламалардың артықшылығын пайдалануға мүмкіндік беретін технологиялармен таныстырды.

Көрнекі құралдар мен схемаларда көрсетілген бейнематериалдар семинарға қатысушылардың пікірталасын толықтырды.

You must be logged in to post a comment.