
6 қаңтарда университетіміздің ректоры ұжыммен біріккен жиналыс өткізді. Жиналыста басшы барлық ұжымды елімізде болып жатқан қыйын-қыстау күндерде, дүрбелеңге түспеуге шақырды. Туған еліміз үшін осы қиын күндерден аман өтіп, бейбіт өмірге оралу үшін бірігуіміз керек. Күш бірлікте, қыйындықтарды тек бірге жеңе аламыз, – деп атап өтті М.С. Мурзамадиева.
Біз көптеген шет елдерде қонақжай, тату мемлекет болып танылғанбыз. Қазақстанымыз – тағы бір сынақты жеңіп шыққан ел ретінде өзін мақтанышпен мәлімдейтініне сенеміз.
Әлеуметтік желілерде елімізге тез арада тыныштық, бейбітшілік пен тұрақтылық орнасын деген тілектерге толы.
Біздің қазақстандықтар – позитивті, сауатты, білімді. Арманымыз – ертеңгі күніміз сенімді болсын. Өмір жоспарларымыз Отанмен байланысты болып, жастарымыз жоғары оқу орындарына түсіп, сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті мамандар болсын. Еліміздің азаматтары медицина сапасына сенімді, ел экономикасы күрт ауытқусыз жұмыс істесін деп, армандаған халықпыз.
Ең бастысы – еліміздің әрбір қаласының, өңірінің, кентінің әрбір үйі мен көшелерінде қауіпсіздік орнасын. Бақыт үшін тағы не қажет? Қалғанының бәрі біздің қолымызда. Біз таза, еңбекқор, ертеңімізге сенімді халықпыз.
Отандастарымды, әріптестерімді және студенттерді, достарымды мен барлық жастарды арандатушылыққа бой алдырмауға, алынған ақпаратты тексеруге, тек сенімді және ресми көздерге сенуге шақырамын. Коменданттық сағат кезінде үйде отырып, төтенше жағдай режимін қатаң сақтай отырып, біздің Президентті, біздің әскер және құқық қорғау органдарын қалаларды заң бұзушылардан тазарту және содырлардың кіруіне жол бермеу жөніндегі бірінші кезектегі міндеттен алаңдатпай, оларды қолдауымыз қажет.
Біздің күшіміз бірлікте, отандастарым тұрақтылыққа тезірек оралуға тілектесін! – деп, өз сөзін түйіндеді!
You must be logged in to post a comment.