
Біздің университетте еріктілер құрамы өте үлкен, жүзден астам студент бар. Командада әрқашан қоғамға көмектесуге дайын өте жауапты және мейірімді студенттер бар. Бүкіл әлемдегі еріктілер – бұл біздің қоғамдағы сананың жаңа деңгейінің көрінісі.
Еріктілер тобында жұмыс істей отырып, студенттер көптеген адамдарды кез – келген көмек үшін бақытты және риза күлімсіреп көреді, әрбір қайырымдылық сапары жас жүректерде мейірімділік пен қайырымдылықты тудырады.
Бүгін 28 желтоқсан күні біздің ерікті жастар Құзыреттілік және мансап орталығының қызметкерлерімен бірге М.Әбенова атындағы жалпы орта мектебіне барып, бастауыш сынып оқушыларына жаңа жыл құрметіне бағалы сыйлықтар табыс етті.
Біздің еріктілер клубының мақсаты – патриотизмді дамыту, дәстүрлерді дәріптеу және руханилықты таныту. Мейірімділік керуені – бұл байланыстырушы буын, ол мемлекетіміздің күшін, ерік бостандығын және шынайы демократиясын бейнелейді.
Жастар-еліміздің болашағы. Патриоттық тәрбие-өскелең ұрпақ үшін маңызды бағыттардың бірі.
You must be logged in to post a comment.