
Желтоқсан айының 15-жұлдызы күні Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” атты Жолдауын қолдау мақсатында және Тәуелсіздікке 30 жыл толуына орай Халықаралық туризм және меймандостық университетімен Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясы бірлесе отырып екінші рет ұлттық спортымыз тоғызқұмалақтан Халықаралық деңгейде университет Ректоры Кубогы жарысын ұйымдастырып өткіздік.
Аталмыш жарысқа 9 мемлекеттен Британия, Уганда, Чехия, Моңғолия, Түркия және Орталық Азия елдерінен барлығы 225 ойыншы бақтарын сынады. Дүниежүзілік тоғызқұмалақ федерациясының президенті Байменов Алихан Мұхамедияұлымен бірге жарысқа қатысушыларды тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтап сәттілік тіледік.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне келер болсақ:
- І орынды Қызылорда облысынан Бостандықов Бексұлтан иеленді
- ІІ орынды Нұр-Сұлтан қаласынан Зкрияев Биғали иеленді
- ІІІ орынды Қырғызстан Республикасынан Жамакеев Анарбек иеленді
- ІV орынды Ақтөбе облысынан Аллабергенова Гулжанат иеленді
- V орынды Павлодар облысынан Керейбаев Ринат иеленді
Жарыста жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшыларға университет тарапынан қаржылай марапаттар жасалды.
You must be logged in to post a comment.