Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық  мерекесіне орай, облыстық «Тәуелсіздік ұрпағы – Жыл көшбасшылары» атты жастар форумы

/ / Без рубрики

15 желтоқсанда «Фараб» кітапханасының салтанат залында, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Түркістан облысының әкімдігі және Халықаралық туризм және меймандостық университеті бірлесіп ұйымдастырған «Тәуелсіздік ұрпағы – Жыл көшбасшылары» атты жастар форумы өтті.

Форумды облыс әкімшілігінен Ішкі саясат басшысы және ХТМУ Ректоры Мурзамадиева Майнюра Саветқызы ашты. Іс-шараның мақсаты жастарға – келер ұрпаққа Қазақстанды тұғыры мығым, экономикасы қуатты, рухы асқақ мемлекет ретінде табыстау және елдік істерді шашау шығармай лайықты жалғастыратын жасампаз ұрпақ тәрбиелеу.

Форумда медиа-тренер, PR және коммуникациялардағы сарапшы А.Берлібай, паралимпиялық спортшы, волейболшы С.Есматов, жеке кәсіпкер, «GLOBAL COFFEE» кофейнясының негізін қалаушы А.Азимов, пікірсайысшы, республика бойынша Үздік спикері Б.Аманжолов және оңтүстік аймақтағы қазақ-түрік мұз айдыны қауымдастығының негізін қалаушы Д.Зиятбеков спикер ретінде қатысып сөз сөйледі. Форумның модераторы болып танылған креативті индустрия саласындағы кәсіпкер А.Абубакиров мырза.

Форумды “Халықаралық туризм және меймандостық” университетінің ректоры  М.С.Мурзамадиева қортындылап, қызықты іс-шара өткізген спикерлерге және қатысушыларға алғысын білдіріп, Университет бойынша жыл үздіктерін құрмет грамоталарымен марапаттады.

You must be logged in to post a comment.