
Мемлекет Басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” атты жолдауын қолдау мақсатында және Тәуелсіздікке 30 жыл толуына орай Халықаралық Туризм және Меймандостық Университетінің студенттері арасында өткен спартакиада өз мәресіне жетті.
Осы жылдың қыркүйек айынан бастап, әр сенбі күндері студенттер арасында 17 спорт түрі бойынша спартакиаданың жарыстары ұйымдастырылып тұрды. Бұл спартакиада білім алушылардың бос уақыттарын тіимді өткізуге, спорттық ойындарды насихаттауға септігін тигізді. Жақында ғана ашылған университеттің көптеген білім алушылары әртүрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып жүлделі орындарға иеленді.
Спартакиада соңында жеңімпаз атанған студенттер мен командалары университет тарапынан І-ІІ-ІІІ орын мақтау қағаздарымен, кубоктармен және спорт ойын формаларымен марапатталды. Осы спартакиаданы жоғары деңгейде ұйымдастырып өткізген «Спорт» кафедрасының ұжымына алғысымызды білдіреміз.
You must be logged in to post a comment.