Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында білім беру туры

/ / Без рубрики

Білім беру турлары практикамен теориялық білімдерін бекіту және туристік дестинациялармен танысу, танымал туристік аймақтарға бару, нысан қызметінің тәжірибесімен танысу, сондай-ақ кәсіби шеберлік сыныптары мен семинарлардан өту мүмкіндігінің арқасында кез келген оқу процесінің маңызды бөлігі болып табылады.

Студенттер, өздеріңіз білетіндей, қоғамның ең белсенді бөлігі болып табылады. Олар барлық нәрсеге қызығушылық танытады, үнемі жаңа әсерлер мен сезімдерді іздейді. Бірақ олар сирек саяхаттауға мүмкіндік алады, өйткені олардың көп бөлігі оқуға кетеді.

Универститет ректорының бастамасы арқасында өткен аптада студенттер аздап саяхаттауға мүмкіндік алды. Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Университет Түркістан облысының туристік нысандары бойынша бір күндік экскурсиялық сапар ұйымдастырды. Турға қатысушылар Бәйдібек ауданындағы “Ақмешіт Ата” үңгіріне, “Домалақ ана” кесенесіне және “Боралдай сарқырамасына” барды. Сапар барысында студенттер өңірдің тарихи көрікті жерлерімен танысып, оңтүстік өңірдің атмосферасын сезініп, тау ауасымен дем алып, табиғаттан ләззат алды.

Студенттердің белсенді турына “Туризм және қонақжайлылық” кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, құзыреттілік және мансап орталығының қызметкерлері қатысты.

You must be logged in to post a comment.