Университетімізде студенттердің “Do Lot” ғылыми клубы ашылуы

/ / Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 4 қараша күні университеттің акт залында студенттердің “Do Lot” ғылыми клубының ашылу салтанаты өтті.

Ашылу салтанатына Туризм және спорт факультетінің деканы Асан Досмұханбет Сейдінбекұлы, Туризм және қонақжайлық кафедрасының доценті Шарипа Сейтжагиппаровна Нурмухамедова, Жастар саясаты және қабылдау науқаны бөлімінің бас маманы Альфия Султановна, Құзыреттілік және мансап орталығының бас маманы Бақытжан Нұрмаханұлы Бесимбаев, Туризм және қонақжайлық кафедрасының аға оқытушысы Назерке Жоламанқызы қатысты.

Клубтың ашылу салтанаты қоса студенттік парламенттің бастауымен “Дөңгелек үстел” форматында болды. Туризм және спорт факультетінің деканы Асан Досмұханбет Сейдінбекұлы клубтың ашылумен құттықтады. “Do Lot” ғылыми клубының мүшелері Құдайберген Айман,Сейдигали Ақниет, Иманғазиева Айзат “Қоғам мен экономиканың туризмге тигізер
зияны және одан арылу жолдары” тақырыбында түрлі ғылыми жобалармен бөлісті. Студенттер өздерінің жобаларын қорғай отыра, шытырман сұрақтарға жауап берсе, ал көрермендер тарапынан да талқыға түскен тақырып шиеленісу барысында өз жауаптарын таба алды. Еліміздің эканомикасы мен туризмін байланыстыра отырып, студенттер болашақта еліміз, оның ішінде облысымыздың туризмінің дамуына өз үлестерін қосқысы келетіндерін айтты.

Клуб жетекшісі Тірібосынов Дінмұхаммед өз кезегінде жылдық жоспарында қамтылған тақырыптарымен бөлісе отырып, клубтың студенттерге ғылым саласында берер пайдасын дөп басып атап өтті. Дөңгелек үстелге қатысқан студенттерге марапаттау сыйлықтары табыс етілді. Дөңгелек үстел қонақтары ХТМУ студенттерінің ғылымға деген дұрыс бағыттағы көзқарастарына дән ризашылықтарын танытты.

көзқарастарына дән ризашылықтарын танытты.

You must be logged in to post a comment.