
01 – 02 қазан айында Түркістан қаласында “Аймақтық ынтымақтастық және көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу үшін бірлескен іс-қимыл жолдары” тақырыбында І Орта Азия форумы өтті.
Форумға “Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы” ЗТБ президиум төрайымы А. Н.Назарбаева, ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі С. А. Брекешов, Түркістан облысының әкімі Ө. Е. Шөкеев, Өзбекстан Республикасы Мәжілісі заң шығару палатасының депутаты Н. Х. Аминов, Тәжікстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Юсуфи М., Қырғыз Республикасы Экология және Климат жөніндегі мемлекеттік комитеті төрағасының орынбасары К. Р. Садықов және т. б. қатысты.
Құзыреттілік және мансап орталығының ұйымдастыруымен 2 қазан күні университетіміздің акт залында шетелден келген қонақтарға арналған семинар болып өтті. Семинарда спикер ретінде университет ректоры М.С.Мурзамадиева сөз сөйлеп, онда ол экопарктерді, экотуризмді дамытудың ғана емес, сондай-ақ жарқын болашаққа жол сілтеуші ретінде жастардың экологиялық мәдениетін тәрбиелеу түріндегі еріктілер лигасы Түркістан қаласы бойынша жас көшеттер отырғызумен айналысатын «Жасыл Ел» бағдарламасына қатысып, өңірдің экологиялық мәдениетін дамытуға мүмкіндік алатын маңыздылығын атап өтті.
You must be logged in to post a comment.